Қазақстан тағы 26 елге визасыз режим енгізбек


Қазақстан визасыз елдердің тізімін кеңейтіп, халықаралық рейстер санын өсіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты.

Ол 2022 жылы Қазақстан 74 елге, оның ішінде Үндістан, Қытай және Иран азаматтары үшін визасыз режимді қалпына келтіргенін атап өтті. Сондай-ақ 113 бағыт бойынша 28 елмен халықаралық рейстер қалпына келтірілді.

Туристер санын арттыру үшін Мәдениет министрлігі келесі шараларды қабылдауды жоспарлап отыр:

  • Қазақстанға кіру үшін визасыз елдердің санын 100-ге дейін арттыру;
  • Ресей, Моңғолия, Қытай, Үндістан және Франция бағыттарына қосымша рейстер ашу.

Жалпы, Дастан Рыспековтың айтуынша, туризм саласы екі жылға жуық әрекетсіздіктен кейін қарқынды түрде дамып келеді.

"Ішкі туризмнің негізгі көрсеткіштері екінші жыл қатарынан өсуін жалғастыруда. Ковид шектеулерінің жойылуының арқасында шетелдік қонақтардың саны артып келеді,"- деді Дастан Рыспеков.

2022 жылдың жарты жылдық деректері 1,3 миллион келушіні құрап, өткен жылдың қорытынды деректерімен бірдей болды. Жыл соңына дейін шамамен 2,5 миллион келушілер болжалануда. Биылғы жылдың алты айында шетелдік туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге жуық артқан.

Ads zone