Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді


Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтары үшін екі бағытта да визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасын Сыртқы істер министрлігі дайындады.

Сурет ашық дереккөзден

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз бола алады.

Егер тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында белгіленген мерзімнен ұзақ тұруға ниет білдірсе, онда олар мемлекеттің аумағына кірер алдында тиісті виза алуға өтініш беруі керек.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • Қазақстан Республикасына қайтару туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • Қытай азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • Қытай азаматының төлқұжаты;
  • Уақытша жол жүру құжаты.

Қаулы жобасында келісімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 18-19 мамырда Сиань қаласында Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылатыны атап өтілген.

Тиісті құжаттарға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды.

«Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді», - делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Айта кетейік, тараптар 2022 жылдың маусым айында өзара визасыз режимді талқылаған болатын. Кейін Қазақстан біржақты тәртіппен Қытай азаматтары үшін күнтізбелік 14 күнге дейін визасыз режим ашты.

Ads zone