Австралияда 15 мыңнан астам жабайы жылқыларды жою міндеттелді


Бірқатар қоғамдық кеңестерден кейін Австралия ұлттық саябақтағы жабайы жылқыларды өлтіру туралы шешім қабылданған.

Сурет ашық дереккөзден

NSW қоршаған ортаны қорғау министрі Пенни Шарп саябақтың жабайы табиғаты мен экожүйесін қорғау маңызды екенін айтты.

"Жабайы жылқылар тым көп. Жергілікті өсімдік түрлердің жойылу қаупі бар және бүкіл экожүйеге қауіп төніп тұр. Біз шара қолдануымыз керек",- деді ол.

Аттар тікұшақ көмегімен ауадан атылады. Қазір Австралиядағы жабайы жылқылар саны 18 мың. Үш жылдан кейін олардың саны үш мыңнан аспауы керек.

Ads zone