Атыраулық спортшы алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды


Абиба Әбужақынова алғашқы болып қазақ қыздары арасында дзюдодан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Әбужақынова 6-8 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 48 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін ол чилилік Мари Ди Варгас Лейменмен жұдырықтасты. Жекпе-жек өте тартысты өтіп, қосымша уақытта чилилік дзюдошы үшінші ескерту алып, жеңіс отандасымызға бұйырды.

"Алғашқы белдесулерін сәтті өткізген Абиба жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунадеден жеңіліп қалды. Осылайша Әбужақынова қазақ қыздары арасында бірінші болып әлем чемпионатының жеңімпазы атанды", - дейді дзюдодан әйелдер арасындағы аға жаттықтырушы Миржан Есмағамбетов.

Оның айтуынша, Абиба үлкен жетістіктерге жетуде.  2020 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері.  Өткен жылы Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды.  Ресейде, Орынбор қаласында өткен Еуропа кубогының күміс жүлдегері.  Қырғызстанда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.  Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогының жеңімпазы.  Ал биыл Астанада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  Ол сондай-ақ Улан-Баторда өткен «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері атанды.  2019 жылдан бастап Жоғары спорт шеберлігі мектебінің студенті.

Ads zone