Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақырды


27 наурызда өкімге қол қойылды.

Сурет: akorda.kz

Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласына шақырылды.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудың соңғы қорытындысын жариялаған болатын.

Қазақстан ОСК мәліметі бойынша:

«Аманат» партиясына 3 431 510 адам дауыс берді, 53,9%, 40 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 693 938, 10,9 %, 8 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 535 139, 8,41%, 6 мандат;

Қазақстан халық партиясы – 432 920, 6,8 %, 5 мандат;

«Республика» партиясы – 547 154, 8,59%, 6 мандат;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 331 058, 5,2%, 4 мандат;

«Байтақ» қазақстандық жасыл партиясы – 146 431, 2,3%, Мәжілістен депутаттық мандат алмайды.

Ads zone