Қарақалпақстандағы қанды көтеріліс: 8 айыпталушы босатылды


Тәжімұратовтың үкімі өзгертілмеді.

Иллюстративті сурет: ашық дереккөзден алынды

5 маусымда Өзбекстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қарақалпақстанда 2022 жылдың 1-2 шілдесіндегі оқиғаға қатысты 16 сотталушының шағымы бойынша шешім шығарды.

Қаңтардағы үкім жарияланған соң көп ұзамай түрмеде қайтыс болған Полат Шәмшетовке қатысты сот үкімін жойып, оның мүліктерін тәркілеуді алып тастап, мұрагерлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.

Сегіз айыпталушының жазасы бас бостандығынан айырудан бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, олар сот залында босатылды.

  • Бақтияр Қадірбергенов – 7 жылдан бас бостандығынан 5 жылға шектеуге;
  • Байрам Сейтниязов – 8 жылдан бас бостандығынан 4 жылға шектеуге;
  • Сайдаболла Медетовке – 7 жылдан бас бостандығынан 5 жылға шектеуге;
  • Қаһарман Сейтімов – 5 жылдан бас бостандығынан 5 жылға шектеуге;
  • Полат Нұрниязов - 4 жылдан бас бостандығынан 4 жылға шектеуге;
  • Сайыпназар Қалимов - 6 жылдан бас бостандығынан 5 жылға шектеуге;
  • Нұрлан Сұлтанмұратов - 3 жылдан бас бостандығынан 3 жылға шектеуге;
  • Арсыланбек Темірханов – 6 жылдан бас бостандығынан 5 жылға шектеуге дейін.

Олар түнде үйден шықпауы, бұқаралық іс-шараларға қатыспауы және пробация органына үнемі есеп беруі керек.

Сот келесі сотталушылардың жазаны жеңілдету туралы өтініштерін ішінара қанағаттандырды:

  • Дәулетмұрат Джимұратов - 8 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
  • Нұрлан Найыпов - 7 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Разбек Бекмұратов – 8 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Сұлтанбек Қайыпов - 8 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Аллабай Тоқымбетов – 8,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Әмірбек Әділбеков – 7 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін 22 мамырда «Өзбекстан әуе жолдары» әуе компаниясы Нүкіс оқиғасы бойынша сотқа аттанған қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовті Бішкек-Ташкент ұшағынан шығарып жібергені хабарланған болатын.

Ads zone