Алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды


Алматы тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескерту жасалды.

Оқу-жаттығу туралы қалалық терроризмге қарсы күрес жедел штабында хабарланды. Жаттығулар 14 сәуірде Розыбакиев, 247 «А» мекенжайы бойынша «Мега Алма-Ата» сауда орталығында өтеді. Жаттығу кезінде шектеулер қарастырылады. Азаматтардан сабырлық сақтауды, болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұрады.

Сондай-ақ, алматылықтарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік міндеттер терроризмге осал объектілерде терроризм актісін жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Ads zone