Алматыда аса ірі көлемде есірткі өндірген екі шетелдік ұсталды


Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан шетелдіктерді ұстады.

Сурет ашық дереккөзден

«2024 жылдың 3 қаңтарында Алматы іргесіндегі жалдамалы жеке үйде жедел уәкілдер екі шетелдік азаматты есірткі өндіру кезінде парамен ұстады. Тінту кезінде заңсыз айналымнан 30 келі дайын өнім, «альфа-ПВП» психотроптық заты, сондай-ақ 5,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Есірткілер интернет арқылы сатылатын болды.

«Сот шешімімен сотталушыларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ads zone