Алмат Сақатов: «Күйеуің көзіңе шөп салса да сабырлы бол»


Атақты актер тұрмысқа шыққан жас қыздарға кеңес берді.

Алмат Сақатов, сурет ашық дереккөзден

Алмат Сақатов «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында осы тақырыпты қозғады.

«Бауыржан шоу» театрының арқасында танымал болған актер жақсы әйел қандай болу керектігін айтты.

"Жақсы əйел шыдамды болу керек. Ұрса, күнде арақ ішсе түсінемін, ал еркек құшағын басқа әйелге ашса ше? Әйелі сабырлы ақылды болса, еркек те өз орнын біледі. Сабыр керек. Басқа ештеңе керек емес. Күйеуің көзіңе шөп салса да сабыр ет.

Уақыты келгенде тынышталасың. Кейбіреулер: «Әйел адал болуы керек, барын еркекке беру керек» дейді. Ал шыдамсыз әйел не істейді? Бір жанжал, екі жанжал. Осыдан кейін еркек түкіреді де кетеді. Бұл жағдайда олар бір-біріне қашанға дейін адал бола алады? Қиын өмірге шыда. Күйеуіңіз ақша таппаса сабыр етіңіз. Бүгін таппаса, ертең табады. Сабырлықты мен ата-анамнан, ата-әжемнен көрдім. Сабырдың да шегі бар, әрине. Оған төзу үшін ақыл мен парасаттылық керек», - дейді Алмат Сақатов.

Ads zone