Аль Пачино 83 жасында әке атанды


Жақында ғана 83 жасқа толған Аль Пачино қызды болғаны және бүгінде оның мұрагері бар екені белгілі болды.

Аль Пачино, сурет ашық дереккөзден

Жаңа туған нәрестенің анасы – актерден 54 жас кіші Нұр Альфаллах. Алайда нәрестенің нақты туған күні белгісіз.

Нұр Альфаллах, сурет ашық дерекөзден

«Мен Аль Пачино мен Нұр Альфаллахтың Роман Пачино есімді ұлдары бар екенін растаймын», - деді басылымға дереккөз.

Айта кету керек, БАҚ Аль Пачиноның сүйіктісі байлық үшін қосылмағанын бірнеше рет атап өтеді, себебі Нұр Альфаллахтың өзі ауқатты отбасынан шыққан: қыздың әкесі - ірі мұнай бизнесі бар миллиардер. Нұрдың өзі өндіріспен айналысады, бұл да оған қомақты табыс әкеледі.

Белгілі болғандай, актердің бұрынғы қарым-қатынасынан үш баласы бар: Яна Тарранттан 33 жастағы Джули Мари және актриса Беверли Д'Анжелодан 22 жастағы егіздер Антон мен Оливия.

Ads zone