«Қайрош шок болды»: Қайрат Нұртастың жанкүйері Қазнетті таң қалдырды


Желіде Қайрат Нұртастың өнер көрсету кезінде сахнаға жүгіріп шыққан жанкүйерімен видео тарады.

Сурет: esquire.kz

Сахнаға шыққан бойжеткен әншімен селфи жасап, артынша Қайрат Нұртасты сүйе бастады. Содан кейін ол сахнадан түсірілгенше өз кумирінің хиттеріне биледі.

Қазақстандықтар видеоға қатысты:

«Қайрош ағамыз есеңгіреп қалды», «Қайраш одан қорқатын сияқты», «Минуттық атақ», «Өмірден бәрін алады», «Жарайсың», «Бәрекелді, мен олай жасай алмас едім. Қыз мықты екен», «Қайрат өзі қолын созып сахнаға шақырды, неге мына күзетші қызды сахнада түсіріп тастады?".

Әлеуметтік желіде жанкүйердің әрекеті қатты сынға алынды. Біреулер бейтаныс қыздың әрекетін тым батыл деп бағаласа, енді біреулер жас қыздың үйленген жігіттің мойнына ілінгенін ұнатпады. Кейбір желі қолданушылары қызды нәпсі емес, қарапайымдылық бояйтынын жазды.

Ads zone