Аида Балаева жазушыларға арналған "грант" туралы


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бейнеүндеу түсіріп, онда кітап шығару саласын дамытуды күшейту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Атап айтқанда, енді Қазақстанда қаламгерлерге қаламақы орнына грант төленетін болды.

Дереккөз

«Бұрын жаңа туынды үшін қаламақы төленсе, енді оның орнына грант қарастырылған. Яғни, жазушылардың жаңа шығармасы жарық көргенде, сома көлемінде грант төлеу тетігі қарастырылған. Ең төменгі жалақы қосылады және орташа есеппен 160 беттік кітап үшін төрт миллион теңгеден астам сыйақы төленеді», - деп хабарлады министр Facebook парақшасында.

Грант төлеу туралы шешімді министрлік жанындағы сараптама комиссиясы қабылдайды.

"Кітапты басып шығару және сату құқығы авторда қалады. Егер кітап бір жыл ішінде басылып шығып, кітап дүкендерінде жақсы сатылым көрсеткіші болса, оның келесі басылымы мен таралымын мемлекет өз мойнына алады", - деп қосты Аида Балаева.

Ads zone