АҚШ Қазақстандық компанияға қарсы санкция салды


АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Қазақстан, Словакия және Ресейде тіркелген үш заңды тұлғаға санкция салды.

Сурет ашық дереккөзден

Бұл компаниялар Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қару-жарақ келісімдеріндегі санкцияларды айналып өтті деген күдікке ілінген.

Әңгіме Verus (Ресей), Defence Engineering жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан) және Versor S.R.O. (Словакия) компаниялары туралы болып отыр.

2023 жылдың 30 наурызында АҚШ Қаржы министрлігі Словакия азаматы Ашот Мкртычевті Ресей мен КХДР арасындағы қару-жарақ келісімдерін жеңілдетуге әрекеттенгені үшін санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, ол КХДР-дағы бірқатар тауарлардың орнына Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жиырмадан астам түрін беруді ұйымдастырған.

"Мкрычев Versor компаниясының президенті, "Verus" компаниясының негізін қалаушы және иесі, сондай-ақ Defence Engineering компаниясының жалғыз директоры. Мкртычев КХДР сатып алу қызметінің өкілдерімен келісіп, Версорды шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізу үшін пайдаланды", - деп мәлімдеді АҚШ қаржы министрлігі.

2023 жылдың желтоқсанында Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ-тың Ресейге КХДР-дан қару-жарақ жеткізілуі туралы мәлімдемесін жоққа шығарған еді.

Ads zone