Ақмола облысында мектепте жарылыс болды


Зардап шеккендер бар.

Қазіргі кезде қазандықтың қалай жарылғаны анықталып жатыр. Ол мектепке жапсарлас салынған құрылыстың ішінде болды. Жарылыс кезінде қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен.

Аршалы аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес, қазандық бүгін күндіз сағат 13:10-де жарылған.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Молдахметов мектепте 114 бала оқитынын айтты. Сондай-ақ, жарылыстың себебі белгісіз екенін және таңға дейін бәрін қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Зардап шеккен үш адам туралы хабарланды, олар мектепте отыншы болған. Оқиға кезінде сабақ жүріп жатқанымен, мектеп оқушылары зардап шеккен жоқ, себебі балалар біраз уақыт бұрын онлайн оқуға көкен екен. Қызметкерлерді үйінді астынан шығаруға тура келген. Олар ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Аршалыда орталық қазандықтағы қондырғының электр желісіндегі ақау салдарынан техногендік төтенше жағдай орын алған болатын. Сосын мектептердің бірі жылусыз қалды, балаларды қашықтықтан оқытуға көшірді.

Ads zone