«9-20-25» ипотекасы үшін 150 миллиард теңге қажет


Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтардың «9-20-25» бағдарламасын іске қосуды белсенді түрде қолдайтынын айтып, оның басталу мерзімін жариялады.

Оның айтуынша, қазір бұл бағдарламаны іске қосу үшін есептеулер жүргізілуде. Оған жыл сайын 150 миллиард теңге қажет болады. 8 мың отбасы немесе жеке адам ипотекаға қол жеткізе алады.

Бағдарламаны іске қосу үшін нарықтан 100 миллиард теңге және «Отбасы банкінің» таза кірісінен 50 миллиард теңге бөлу қажет.

"9 пайыздық көрсеткішке жету үшін екі қаржыландыру көзі болуы керек. Бұл бағдарлама жастарға бағытталған деп ойлаймын. Бұл бағдарламаға сұраныс жоғары болуы керек. Бізге кем дегенде бір ай қажет. Келесі жылы бағдарлама болады», - деді Премьер-Министр.

Ads zone