«7-20-25» ипотекасын алуға қашан өтініш беруге болады?


Қазақстанның тұрақты даму қоры банктердің осы ипотекаға жаңа өтінімдерді қабылдауды неліктен тоқтатқанын түсіндірді.

Бағдарламаның халық арасында танымал болғаны сонша, екінші деңгейлі банктер клиенттерді таңдай алатындықтан, ипотека алу талаптарын күшейтті.

Осы бағдарламаның операторы Қазақстанның тұрақты даму қорында атап өткендей, банктер жаңа өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Қазір олар бұрын жүгінген азаматтардың өтініштерін қарастыруда.

2023 жылға лимит 100 млрд теңге болып белгіленді. Алғашында бағдарламаны жүзеге асыруға ай сайын 8,3 млрд теңге бөлу жоспарланған болатын. Алайда, кейіннен тоқсан сайын – 25 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

«2023 жылдың басынан бері және 17 ақпандағы жағдай бойынша 15 млрд теңгеге 936 несие берілді», - деп түсіндірді Қор Экспресс К.

Наурызда бірінші тоқсанның лимиті аяқталады. Ал 1 сәуірде келесі транш 25 млрд теңге бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлер ғана несиеленеді. Яғни, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді алдын ала брондау өтініш беруге негіз болып табылмайды және 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотекалық несиеге кепілдік бермейді.

Сонымен қатар, азаматтар Бағдарламаға бір реттен көп емес қатыса алады. Яғни, егер әлеуетті қарыз алушы осы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алған болса, оған қайта қатысудан бас тартылады.

Ads zone