«7-20-25» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бағдарламасының мерзімі ұзартылатыны туралы хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Тиісті қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы No 123 қаулысымен қабылданды. Бағдарлама бойынша 2023 жылы несиелендіруге 100 млрд теңгеге дейін бөлу жоспарлануда. Бағдарлама бойынша жылдық несиелендірудің нақты көлемі банктердің нарықтағы ипотекалық өнімдерінің болуына және дамуына байланысты болады деп болжануда. Азаматтарды жеңілдетілген несиемен көбірек қамту мақсатында бағдарламаны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары қайта қаралды», - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Атап өткендей, бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй заемдарының параметрлері өзгеріссіз қалды (ең төменгі бастапқы жарна, несиенің ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, несие мерзімі, өңірлер бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.).

2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 852,2 млрд теңгеге 64 146 жеңілдетілген несие берілді.

Бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 20% бастапқы жарнамен 25 жылға дейін жылдық 7% жеңілдетілген, қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды.

Ads zone