40 жастағы әйел аузына ұшып кірген араның кесірінен көз жұмды


Оқиға Ресейде Саратов облысында орын алған. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенше марқұм көз жұмған.

Сурет ашық дереккөзден

40 жастағы әйел демікпе ұстамасымен тұншығып, жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Биолог Павел Глазков енді аралар өздерінің төлдерін қыстауға дайындап жатқанын, олар қатты қоректенетінін түсіндірді. Осыған байланысты жәндіктердің белсенділігі күрт өсті және алдағы уақытта да арта береді. Мамандар аралар ет пен жемістің исіне тартылатынын, сондықтан олар пикниктік аймақтарда көптеп ұшатынын еркертті.

Араның шағуынан болатын өлім жағдайлары сирек кездеседі, дегенмен оны елемей қоюға тағы болмайды.

Қандай жағдайда араның шағуы қауіпті болуы мүмкін және ара шаққанда не істеу керек? 

Аралардың табиғатқа пайдасы мол болғанымен, олардың шағуы адамға қауіпті. Адамға ара емес, оның бізгегіндегі у қауіп төндіреді. Ара шағуының негізгі белгілеріне шаққан жердің күйіп ауыруы, қышу, ісіп кету, бас ауыру және бас айналу жатады. Кей адамдар денесінде әлсіздік сезеді, жүрек соғысы жиілейді және лимфалық түйіндер үлкейіп кетеді.

Көп жағдайда адамдар ара шағуын жеңіл өткереді. Алайда егер адамның иммунитеті әлсіз болса, аллергияға бейім болса және созылмалы ауруы бар болса, ол кей асқынуларға шалдығуы мүмкін.

Асқынуларды болдырмас үшін әрбір адам ара шаққанда алғашқы көмекті қалай жасау керегін білуі керек. Мына реттілікті сақтаған жөн:

  • Ара шаққан жерді тексеру керек. Егер араның бізгегі шаққан жерде қалып қойса, оны антисептикпен немесе спиртпен өңделген пинцетпен алып тастау керек. Бастысы, бізгекті қолмен қыспаған дұрыс, әйтпесе у қалдықтары тінге терең еніп кетеді;
  • жараны антисептикалық құралмен залалсыздандыру керек;
  • жара шаққан жерге салқын бірдеңе басқан жөн;
  • суды көбірек ішу керек;
  • ара шаққан жерге антигистаминдік жақпамай немесе крем жағу қажет.

Егер ара көзді, ауыз қуысын шағып алса, жылдам жедел медициналық көмек шақырту керек. Араның бет тұсын шаққаны қауіпті. Бұл жағдайда аллергияға бейім емес адамның өзінде қатты ісік пайда болуы мүмкін. Егер ара тілді шағып алса, ол қатты ісіп, тыныс алуды бітеп тастауы мүмкін.

Мына жағдайларда жедел жәрдем шақыру керек:

  • ара шаққаннан кейін дегене бөртпе немесе басқа да аллергиялық реакция шығып кетсе;
  • ара шаққан адамның температурасы көтеріліп кетсе;
  • адамды бірден бірнеше ара шағып алса.
Ads zone