"32 адам қаза тапты" Ресейлік Сидр сатылымнан шығарылды


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлімдеді.

Ресейде 30-дан астам адам қайтыс болған соң Қазақстанда «Мистер Сидр» сатылымнан алынып тасталды.

«Анди» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (РФ, Самара) шығаратын «Мистер Сидр» деп аталатын алкогольді ішімдікті ішумен байланысты адамдардың улану және өлім жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпаратқа байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен аумақтық департаменттерге алкоголь өнімін импорттаушылар мен дистрибьюторларды хабардар ету және мән-жайлар анықталғанға дейін аталған өнімді сатудан уақытша алып тастау қажеттігі туралы нұсқама берілді», - деп хабарлады комитетте.

Комитет халықты мән-жайлар анықталғанға дейін жоғарыда аталған өнімдерді пайдалануды тоқтатуға және мұндай өнімдерді сату кезінде анықталған барлық жағдайлар туралы Комитетке немесе объект орналасқан жердегі оның аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға шақырады.

Ads zone