254 қазақстандық турист Түркияның курорттарында жүр


Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы уақытқа дейін Түркияға турпакет сатып алған қазақстандық туристерден Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм комитетіне турпакеттерді жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Министрлік турдан бас тартқысы келетіндер туроператорларға хабарласа алатынын атап өтті, олар тиісті комиссияларды және қызмет көрсету келісімшарттарында көрсетілген шығындарды шегере отырып, қайта есептеулері керек. Сонымен қатар, туроператорлар демалыс күндерін өзгерту, баратын жерлерді, қабылдаушы елдерді өзгерту және т.б. опцияларды ұсына алады.

Ads zone