2025 жылға қарай қазақстандық әуе компанияларының 145 жеке ұшағы болады


ҚР Көлік министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сурет ашық дереккөзден

Марат Қарабаев дәстүр бойынша облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Министрден Қостанай әуежайын қайта құру мәселесі сұралды, өйткені билеттер жоқ болғандықтан, өңірде әуе көлігіне сұраныс аз.

"Ұшу бағасының қолжетімділігі қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат – мойындаймыз. Біз қазір қазақстандық нарыққа шығатын жаңа арзан авиакомпания мен халықаралық компания мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болып, билет бағасы төмендейді. Сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқаты өсіп келеді. Оған дәлел – әуе қатынасына сұраныстың өсуі – жылына 27%-ды құрайды. Оны қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды белсенді түрде сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып алып жатырмыз, содан кейін, Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандық жолаушылар авиакомпанияларының 145 жеке ұшағы болады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жаңа әуе бағыттарын ашу жоспарымызда бар», – деді Марат Қарабаев.

Азаматтар автобус жолаушыларын тасымалдауды ұйымдастыру және такси агрегаторларының қызметі бойынша министрмен жеке кездесуге жазылды. Өтініш иелерін тыңдаған министр туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды сұрады және тасымалдаушылардың мәселелерін егжей-тегжейлі қарап, шешу үшін келесі аптаға жаңа отырыс белгіледі.

Ads zone