1 миллиардтан көп ақша кететін Назарбаевтың кеңсесіне не болмақ?


Журналистер Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне не болатынын сұрады.

Сурет: ашық дереккөзден

Әшімбаев кеңсені қаржыландыру сомасы қысқарғанын еске салды, бірақ нақты қаншаға екенін айтпады. Сондай-ақ, ол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны азайғанын айтты.

Одан әрі ол дамыған елдерде осындай президент кеңсесін сақтап қалу үрдіс екенін айтты.

«Мысалы, Батыс елдерінде, АҚШ-та мұражайлар, кітапханалар, өздерінің аппараттары мен көмекшілері бар. Бұл жалпы дамыған елдердегі үрдіс», – деді Сенат спикері

Мәулен Әшімбаев бұрынғыдай миллиардтаған қаржысы бар мекеме жоқ екенін түсіндірді. Сенат алдағы уақытта Қаржы министрлігімен бюджетті талқылайды.

Бұған дейін Назарбаевтың кеңселері жылдағы бюджеттің 130 миллион теңгесін қысқартқаны хабарланған болатын. Қалған қаржы облыста 1-1,5 млрд теңге көлемінде кепілге қойылған.

Қаңтардың басында депутаттар бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасы мәртебесінен айырды.

15 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған еді.

Ads zone